«Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы

Aslanbek_KazGYU-2 — копия

КАЗГЮУ Университетінде «Жылу сыйла» акциясы басталды. Акцияның мақсаты – мұқтаж жанұяларға көмірмен жәрдем беру. Қайырымдылық акциясы ағымдағы жылдың 26 қарашасында басталып, 25 желтоқсанына дейін созылады. Осы шара барысында ұйымдастырушылар 10 жанұяға барып, әрбір жанұяға көмек ретінде 2 тонна көмір жеткізіп береді. Қайырымдылық акциясына КАЗГЮУ Университетінің студенттік ұйымдары басшылық етеді. Қажетті қаражат «Армандарды ақиқатқа айналдырайқ» қайырымдылық жәрмеңкесінде жиналған ақшаның қорынан алынады.

Еске сала кетейік, 15 қараша күні Университеттің қысқы бағында «Армандарды ақиқатқа айналдырайқ» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 253 291 теңге жиналған болатын. Бүкіл жиналған қаражат 10 мұқтаж жанұяға 2 тонна көмірден (1 тонна – 14000 теңге) әперуге жұмсалады.

Игілікті шараға барлық мейірімді студенттер, оқытушылар мен қызметшілер, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары қатыса алады.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон бойынша хабарласыңыздар: +7747 90 10 346 (Асланбек)